Қазақстанда вакцинадан бас тартқандар саны 13 мыңнан асты

Baq.kz
Вакциналаудан бас тарту бүгінде тек Қазақстанның емес, бүкіл әлемнің алдында тұрған өзекті мәселе болып отыр.

Соңғы уақытта кейбір инфекциялық аурулардың бірді-екілі ғана тіркелуі халықты вакцинадан бас тартуға алып келуде. Бұл жөнінде ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті Эпидемиологиялық қадағалау басқармасының басшысы Роза Қожапова мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz.

«Иммундаудың арқасында инфекциялық ауруларды және олардан болатын өлім-жітімді төмендету үшін көп жұмыс жасалды. Соңғы 20 жылда халық арасында қызамықпен сырқаттану жағдайы 4 мың есеге, эпидемиялық паратит 106 есеге, «В» вирустық гепатит 38 есеге, соның ішінде, балалар арасында 317 есеге төмендеуі байқалады. Сонымен қатар, көкжөтелмен сырқаттану жағдайы тұрақты төмен деңгейде ұсталып тұрса, дифтерия және сіреспемен науқастанудың бірді-екілі жағдайлары кездеседі. Өкінішке қарай, соңғы уақытта аталған инфекцияларға шалдығу жағдайлары жоққа жуық төмендеуіне байланысты халық вакциналау қажеттілігіне күмәнданып, вакциналаудан бас тартып жатыр. Мұндай бас тарту бүгінгі күні 13 мыңнан асты. Біздің республикамыз үшін бұл айтарлықтай ауқымды көрсеткіш деп санаймыз», - деді Қожапова.

Алайда, оның айтуынша, вакциналаудан бас тарту бүгінде тек Қазақстанның емес, бүкіл әлемнің алдында тұрған өзекті мәселе болып отыр.

«2018 жылдың басынан бері қызылша сырқаттанудың бір жағдайы тіркелді. Алайда, әзірге ол жағдай нақты расталған жоқ. Сол сияқты, көкжөтелмен аурудың бір жағдайы тіркелді. Өкінішке қарай, ағымдағы жылы сіреспеден бір адам қайтыс болды. Кейін анықталғандай, ол сіреспеден вацина алмаған. Бұл дертке қарсы вакцина әр он жыл сайын ересектерге салынады», - деді басқарма басшысы.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет бизнес бастауға ниетті кәсіпкерлерге 1,7 млн теңге үлестіруде: өтінімдерді қашан және қайда өткізеді

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Тоқаев сайлау туралы заңға түзетулерге қол қойды

700-ден астам ескертпе мен қате: Қазақстанда мектеп оқулықтары қашан жаңартылады

Ақмола облысында полицейлер биіктіктен секірмек болған қызды аман алып қалды