Солтүстік Қазақстанда су тасқыны салдарынан жол жабылды

ҚазАқпарат
Жолдың жабылуына Есіл өзеніндегі су деңгейі көтеріліп, су тасқынының болуы себеп болған.

Солтүстік Қазақстан облысында су тасқыны салдарынан «Челябі - Новосібір» тасжолы учаскесінің 528 шақырымы жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазақавтожол» кәсіпорнына сілтеме жасап.

Кеше сағат 19:00-ден бері тасжолдың 525-530 шақырымы (Мамлют дөңгелек жолы - 20-шағын аудан дөңгелек жолы учаскесі) жеңіл көліктер үшін жабылды. Жолдың жабылуына Есіл өзеніндегі су деңгейі көтеріліп, су тасқынының болуы себеп болған.

Петропавл қаласы арқылы айналма жолдың бар екендігі хабарланды.

Еске салайық, бұдан бұрын «Қазгидромет» РМК филиалының директоры Қымбат Мерғалымова 29 сәуір - 2 мамыр арылығында су тасқыны күшейіп, судың деңгейі 1060 сантиметрге жететінін ескерткен болатын.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

Алматыда жаңа туған сәбиін тастап кеткен әйел ұсталды