Сәтті тұрмысқа шығу үшін қайда оқу керек: Сағадиев жауап берді

Stan.kz
Сағадиев кез-келген елде жақсы да, жаман да білім ошақтары болатынын атап өтті.

Елордалық студент қыз білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтан сәтті тұрмысқа шығу үшін, қандай білім алу керектігін сұрады. Билік өкілі ел алдында есеп беру кезінде тайсалмай, сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz.

Студент шетелдік оқу орнында білім алса, жеке өмірде және қызметте қаншалықты табысқа жетуге болатынын сұрады. Сондай-ақ, қай елде білім алған дұрыс деп министрдің ойын білуге тырысты.

“Қазақстандық азаматқа тұрмысқа шығыңыз, сонда барлығы да сәтті болады. Оны сеніммен айта аламын», – деп күлді білім және ғылым министрі.

Ал шетелдік жоғары оқу орындары туралы сөз еткен Сағадиев кез-келген елде жақсы да, жаман да білім ошақтары болатынын атап өтті.

«Мәселен, АҚШ-тың бір колледжінде полицейлер қару ұстап жүреді, оны өз көзіммен көрдім. Адамдар бір-бірін қорламас үшін солай жасалған», – деп түсіндірді министр.

Министр жоғары сапалы білімді Қазақстанда да алуға болатынын атап өтті. Сондай-ақ, табысты болу жоғары оқу орнына емес, студенттің өзіне байланысты екенін түсіндірді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

ІІМ 17 тонна жанар-жағармайдың заңсыз шығарылуына тосқауыл қойды

Ақтөбеде соққан дүлей дауыл ағаштарды құлатып, көліктерді аударды

Дәрі бағасын бақылау күшейеді: министрлік жаңа тізім әзірледі