Денсаулық сақтау министрлігі мектептерде дефибрилляторды орнату мәселесін қарастыруда

organserdce.com
Конгресс аясында Қазақстан-Израиль II симпозиумы, ал Онкология мен трансплантология Ұлттық ғылыми орталығында шетелдік мамандардың мастер-класстары ұйымдастырылады.

Астанада анестезиологтар мен реаниматологтардың II конгресі басталды. Пленарлық мәжілісті ашқан ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ляззат Ақтаева осы саладағы негізгі мәселелерді белгілеп берді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Вице-министрдің айтуынша, форум барысында қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету мәселесін де жан-жақты талқылау қажет. Осы орайда xалықаралық стандарттарды зерделеп, ұлттық стандарттарға тиісті өзгерістерді енгізген жөн.

«Сосын қоғамдық жерлерде жедел жәрдем жасау саласындағы шетелдік тәжірибені кеңінен зерттеп шығуымыз қажет. Әсіресе, парамедиктердің біліктілігін арттыру жағынан көп жұмыс жасау керек. Өйткені мектеп оқушыларының сабақ кезінде қайтыс болу фактілері бар. Мектепте дефибриллятор қою қажет пе, жоқ па, осы орайда шетелдік сарапшылар нақты ұсыныс жасаса, дұрыс болатын еді. Бұдан бөлек, соңғы оқиғаларды ескере отырып, стоматологиялық анестезия, жалпы xирургиялық операциялар анестезиясы кезінде адам өлімі мәселелерін зерделеуіміз керек. Мамандардың кәсіби біліктілігін қалай арттырамыз? Қандай дайындық жетіспейді? Осының бәрін талқылауымыз қажет», - деп атап көрсетті Л.Ақтаева.

Оның сөзіне қарағанда, министрлік конгресс кезінде жасалған ұсыныстардың негізінде тиісті нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер мен түзетулерді енгізуге әзір.

Айта кетейік, анестезиологтар мен реаниматологтардың II конгресі «Рамада Плаза» қонақүйінде өтуде. Аталған шара 30 сәуірге дейін жалғасады. Оған Израиль, Беларусь, Ресей, Өзбекстан және тағы басқа шетелдің білікті мамандары қатысуда. Олар анестезиологиялық-реаниматологиялық қызметті дамыту, педиатрия мен неонатологияның интенсивті терапиясын, сондай-ақ, кардиоанестезилогияны нығайту мәселелерін талқылайды.

Конгресс аясында Қазақстан-Израиль II симпозиумы, ал Онкология мен трансплантология Ұлттық ғылыми орталығында шетелдік мамандардың мастер-класстары ұйымдастырылады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент жарлығымен бірқатар азамат мемлекеттік наградаларға ие болды

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

"Қар, көктайғақ, тұман": Жұмада еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Қасым-Жомарт Тоқаев Әбдірашит Доспановқа "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын берді