БҚО-да қараусыз қалған екі бала қоқыс төгетін жерде тұншығып өлді

Тoday.kz
Оқиға 25 сәуірде Қаратөбе ауданы, Сұлукөл ауылдық округі, Ұшан ауылында болған.

Батыс Қазақстан облысында үш және бес жастағы балалар ата-аналарының қарауынсыз қалып, қоқыс төгетін орға түсіп кетіп қайтыс болды, деп хабарлайды Today.kz.

Оқиға 25 сәуірде Қаратөбе ауданы, Сұлукөл ауылдық округі, Ұшан ауылында болған.

"Бала мен қыз көшеде өздері серуендеп жүрген. Балалар көзден жоғалғанда оларды іздей бастаған. Ауылдықтар екеуінің денесін көрші ауладағы қоқыс төгетін ордан 20:00 шамасында тапқан. Қазір прокуратура мен аудандық ішкі істер бөлімі сараптама жүргізіп жатыр. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Балалардың ата-анасын жауапкершілікке тарту мәселесін құзырлы органдар шешеді", – деді Қаратөбе ауданының әкімі Асхат Шахаров.

Балалар механикалық асфикция нәтижесінде қайтыс болған, яғни лас жерде тұншығып қалған. Екі бала ағайынды емес.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін