Маңғыстауда ВИЧ инфекциясын жұқтырған 10 адам емделуден бас тартты

today.kz
Облыста ВИЧ инфекциясын жұқтырған 144 адам тізімде тұр.

Маңғыстауда ВИЧ инфекциясын жұқтырған 10 адам емделуден бас тартты, деп хабарлайды Today.kz.

Қазір облыстағы СПИД орталықта ВИЧ инфекциясын жұқтырған 144 адам тізімде тұр. Олардың 129-ы емге мұқтаж.

"Қазір 10 адам емделуге әртүрлі қарсылық білдірді. 10 адам емделуден мүлдем бас тартты. Емделуден бас тартқандар арасында қарапайым тұрғындар, есірткі қолданушылар мен бұрын сотталғандар бар. Отбасылы бір азамат діни себептерге байланысты емделуден бас тартты. ВИЧ инфекциясын жұқтырғандар 5-10 жыл ішінде әлсіреп, аурулары СПИД-ке айналады. Алайда мұндай жағдай облыста әлі болған жоқ", – деді облыстық СПИД орталығы директорының міндетін атқарушы Амалбек Бисен.

Жыл басынан бері облыста 12 адам ВИЧ инфекциясын жұқтырған.

Маңғыстау облысы ВИЧ-тің төмен деңгейдегі өңірлер қатарына кіреді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты