Алматыда көп қабатты үйден өрт шығып, 30 адам эвакуацияланды

Sputniknews.kz
Өрт аумағы 30 шаршы метрді құрайды.

Алматы қаласының Алмалы ауданындағы 5 қабатты үйден өрт шықты. Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлайды.

Тілендиев көшесіндегі көп қабатты үйдің 3-қабатындағы пәтерден өрт шығып, бір бөлме түгелдей жанып кетті.

Өрт аумағы 30 шаршы метрді құрайды.

Өрт салдарынан зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.

Көпқабатты үйден 30 адам эвакуацияланды.

ТЖД өрт себебін анықтайтын болады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз