Алматыда төрт жасөспірім көлік ұрлап, апатқа ұшырады

zakon.kz
Жүргізуші оқиға орнынан қашып кете алмады.

2 мамыр күні түнде Алматыда төрт жасөспірім Mazda көлігін ұрлап бара жатып, жол апатына ұшырады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Буран" жол полициясының қызметкерлеріне Саин - Райымбек қиылысында жол көлік оқиғасы орын алғаны туралы хабарлама келіп түскен. Полицейлер оқиға орнына келген кезде Mazda автокөлігінің жол жиегіндегі қоршауға соғылғанын көрген. Куәгерлердің айтуынша, Mazda көлігі Сайн көшесімен солтүстік бағытта келе жатып, жол айырыққа қарай өтеді. Көліктің шамы сөндірулі болыпты. Бұрылыс кезінде жүргізуші бұрылмай, тура жүре беріп, қоршауға соғылған.

Полиция анықтағандай, көлікте төрт жасөспірім болыпты, жолаушы орнында отырған үшеуі оқиға орнынан қашып кеткен, ал жүргізуші әртүрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.

Полиция қызметкерлері автокөлікті базадан тексеріп, иесін анықтады. Көлікті иесі ұйықтап жатқан кезде ұрлап кеткен.

Алматы полициясы болған істің мән-жайын анықтайды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Қазақстандық балуан Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола медалі үшін бақ сынайды

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты