Алматыда үш бірдей көлік соқтығысты

zakon.kz
Жол полициясы оқиғаның мән-жайын анықтайды.

Алматыда 2 мамырға қараған түні жол көлік оқиғасы орын алды, деп хабарлайды zakon.kz.

Рысқұлов көшесімен шығыс бағытта BMW 5 автокөлігі келе жатқан.

Көлік жүргізушісінің айтуынша, ол оң жақ шеткі жолақпен жүріп келе жатқан. Оң жағында сол бағытта Volkswagen Golf көлігі келе жатқан.

Соқпақбаев көшесінің қиылысына жетпей Volkswagen көлігі оң жаққа ығыса бастаған.

Жолдың үсті ылғал болғандықтан BMW көлігі тоқтап үлгермей, Volkswagen көлігін соққан. Екі көлік те айналып барып тоқтаған. BMW көлігі жолдың ортасына тоқтаған, сол сәтте оған артында келе жатқан Daewoo Nexia көлігі келіп соққан. Үш көлік те жолдың қоршауына барып соғылған.

Nexia жүргізушісі ауруханаға жеткізілді. Сондай-ақ, Volkswagen көлігінің жүргізушісі мен жолаушылар орнында отырған әйел адам мен бала зардап шеккен.

Жол полициясы оқиғаның мән-жайын анықтайды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

"Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды". Еліміз бойынша 10 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы