Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады

Baq.kz
Қазақстанның батысы мен оңтүстігінде ғана жауын-шашын болмайды.

Қазақстанда алдағы күндерде атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты елдің басым бөлігінде жауын-шашын болады, деп хабарлайды Zakon.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Қазақстанның батысы мен оңтүстігінде ғана жауын-шашын болмайды.

Республиканың кей жерінде күн күркіреп, жел күшейіп, оңтүстікте шаңды дауыл көтеріледі.

Шығыс Қазақстан облысының бірқатар аймағында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін күшейіп, түнде екпіні секундына 25 метрге дейін жетеді. Түнде және күндіз жекелеген аудандарда тұман түседі.

Ақмола облысының кей жерінде секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел ұйытқиды, түнде және таң ата тұман түседі.

Қостанай, түнде Павлодар, күндіз Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау облыстарында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Қызылорда облысында күндіз бірқатар аймағында жел күшейіп, жылдамдығы секундына 15-20 метр болады, шаңды дауыл да көтерілуі ықтимал. Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарында тұман түсуі мүмкін.


Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Ақтауда шетелге заңсыз ақша шығарған компанияға 153 млн теңге айыппұл салынды

"Тұман түсіп, күн суытады". Дүйсенбіде еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды

КХДР үш сағат ішінде екі баллистикалық зымыран ұшырды

Үкімет қатты пайдалы қазбаларға роялти енгізуге байланысты мәлімдеме жасады