Өскемен мен Семей қалаларына жаңа прокурорлар тағайындалды

sputnik.by
Екеуі де прокуратура органдарының кадрлық резервінде тұрған.

Бас прокурордың бұйрығымен Өскемен мен Семей прокуратурасында жаңа кадрлық тағайындаулар болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық прокуратураға сілтеме жасап.

Өскемен қаласының прокуроры болып аға әділет кеңесшісі Марлен Сламбеков, Семей қаласының прокуроры аға әділет кеңесшісі Мұрат Досмағанбатов тағайындалды. Екеуі де прокуратура органдарының кадрлық резервінде тұрған.

Марлен Сламбеков 1973 жылы Алматы облысы, Киров кентінде туған. Е.А.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің құқықтану факультетін бітірді.

Қызметін Талдықорған гарнизонының әскери прокуратурасы органдарында маман ретінде бастап, осы прокуратураның әскери прокурорының көмекшісі, Бөлімнің әскери прокуроры, Бас әскери прокуратура басқармасының аға әскери прокуроры, Алматы қ. прокуратурасы Басқармасының аға прокуроры, Алматы қаласының Түркісіб, Әуезов аудандары прокурорының орынбасары лауазымында қызмет атқарды.

2007 жылдың сәуірі мен 2009 жылдың қыркүйегі аралығында қылмыстық-атқару жүйесі және кедендік бақылау Комитетінде қызмет атқарған. Кейіннен прокуратура органдарында қызметін жалғастырған.

Осы уақытқа дейін Бас прокуратураның қылмыстық қудалау Қызметі Басқармасының бастығы лауазымында жұмыс атқарған. Құқық қорғау қызметіндегі өтілі 20 жылдан астам. Оның ішінде, прокуратура органдарында 18 жылдан астам қызмет еткен.

Мұрат Досмағанбетов 1978 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. Алматы қаласында Қазақ мемлекеттік заң университетінің құқықтану факультетін бітірген.

Еңбек жолын 1999 жылы Қызылорда облысының құқықтық статистика және ақпарат Орталығы бөлімінің прокуроры лауазымынан бастап, кейіннен Қызылорда қаласының және облыс прокуратурасында әртүрлі лауазымдарда қызмет атқарған. Басшылық лауазымдарында мол тәжірибесі бар - Қармақшы, Жалағаш, Жаңақорған аудандарының прокуроры қызметін атқарған.

Осы уақытқа дейін Қызылорда қаласының прокуроры лауазымында қызмет атқарған. Прокуратура органдарындағы өтілі - 18 жылдан астам.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді

Әли Оқапов "Құрмет" орденіне қатысты дау-дамайдың салдары туралы айтты

Ержан Байтілес Қазақстан президенті баспасөз хатшысының орынбасары болды