Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады

Baq.kz
Республиканың кей жерлеріне тұман түсіп, жел күшейіп, арты шаңды дауылға ұласып, тіпті бұршақ жаууы да ықтимал.

Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты жауын-шашын болады. Жауын тек елдің батысы мен оңтүстігіне жаумайды, деп хабарлайды Zakon.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Республиканың кей жерлеріне тұман түсіп, жел күшейіп, арты шаңды дауылға ұласып, тіпті бұршақ жаууы да ықтимал.

Ақмола, Қарағанды облыстарының бірқатар аумақтарында тұман түсіп, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Ақмола облысында желдің екпіні секундына 23-28 метр болады, күндіз бірқатар аймақтарда бұршақ жаууы мүмкін. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен ұйтқиды, екпіні 25 метрге жетеді. Күндіз кей жерлерде бұршақ жаууы ықтимал.

Қостанай, Солтүстік, Павлодар облыстарында тұман түсіп, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында желдің екпіні секундына 23-28 метр болуы мүмкін. Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, күндіз Алматы, Жамбыл, Ақтөбе облыстарында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл облыстарының бірқатар аймақтарында шаңды дауыл көтеріледі.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет бизнес бастауға ниетті кәсіпкерлерге 1,7 млн теңге үлестіруде: өтінімдерді қашан және қайда өткізеді

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Тоқаев сайлау туралы заңға түзетулерге қол қойды

700-ден астам ескертпе мен қате: Қазақстанда мектеп оқулықтары қашан жаңартылады

Ақмола облысында полицейлер биіктіктен секірмек болған қызды аман алып қалды