Назарбаев: Қарулы күштеріміз – халқымыздың сенімді тірегі, мемлекеттің берік қалқаны

baq.kz
Бүгін Жамбыл облысы Қордай ауданындағы «Отар» әскери базасының аумағында ҚР Қарулы Күштерінің әскери парады өтіп жатыр.

Қазақстан Президенті, ҚР Қарулы күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды Отан қорғаушылар мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Баршаңызды ұлы Отан қорғаушылар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Баһадүр бабалар ұлы даламызды ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен қорғап бізге аманат етіп қалдырды», - деді Президент «Отар» әскери базасының аумағында өтіп жатқан ҚР Қарулы Күштерінің әскери парадын ашу рәсімінде.

Сонымен қатар Елбасы бүгінгі әскерлерге зор міндет жүктелетінін атап өтті.

«Ұранды елдің ұрпағы айбарлы келеді» деген дана халқымыз. Бүгінгі айбынды армиямыз үшін елдің тыныштығын сақтап, тәуелсіздіктің қорғаны болу мәртебелі зор міндет. Жау жүрек жауынгерлердің көтеретін жүгі ауыр, бірақ ол абыройлы борыш, қастерлі парыз. Қарулы күштеріміз – халқымыздың сенімді тірегі, мемлекеттің берік қалқаны», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Айта кетейік, бүгін Жамбыл облысы Қордай ауданындағы «Отар» әскери базасының аумағында ҚР Қарулы Күштерінің әскери парады өтіп жатыр.

Отан қорғаушылар күні ұйымдастырылған әскери парадқа барлығы 3 мыңға жуық әскери қызметші, 300-ден аса бірлік қару-жарақ пен әскери техника және шамамен 30 бірлік ұшу аппараты қатысуда.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет бизнес бастауға ниетті кәсіпкерлерге 1,7 млн теңге үлестіруде: өтінімдерді қашан және қайда өткізеді

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Тоқаев сайлау туралы заңға түзетулерге қол қойды

700-ден астам ескертпе мен қате: Қазақстанда мектеп оқулықтары қашан жаңартылады

Ақмола облысында полицейлер биіктіктен секірмек болған қызды аман алып қалды