Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады

Сурет: zakon.kz
Еліміздің кей жерлерінде жел күшейіп, тұман түсіп, найзағай ойнайды.

Атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады. Дегенмен оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, солтүстік-шығыста және орталықта жауын-шашынсыз ауа райы болжанады, деп хабарлайды Zakon.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Еліміздің кей жерлерінде жел күшейіп, тұман түсіп, найзағай ойнайды. Шаңды дауыл соғып, батыста бұршақ жаууы ықтимал.

Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде найзағай ойнап, тұман түседі, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке жетуі мүмкін деп болжанады.

Қарағанды, түнде Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.

Түнде Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді.

Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұршақ жаууы мүмкін.

Қызылорда, күндіз Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с-ке дейін жетеді.

Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл соғады.

Алматы облысының жекелеген ауданында жел күшейіп, жылдамдығы 15-23 м/с-ке жетеді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Ақордада "Астана-Көгалдандыру құрылысы" мекемесінің қызметкері Дидар Телжанұлына "Құрмет" ордені табысталды

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады