Спорттық гимнастика: Алматы құрамасы бас жүлдеге ие болды

Сурет: zakon.kz
Оған Қазақстанның 8 облысынан келген жасы 18-ге толмаған спортшылар қатысты.

Алматыда спорттық гимнастикадан еліміздің колледж студенттері және мектеп оқушылары арасында IX Жазғы спартакиада өтті, деп хабарлайды Хабар 24.

Оған Қазақстанның 8 облысынан келген жасы 18-ге толмаған спортшылар қатысты. Арасында спорт шеберлері мен спорт шеберлігіне үміткерлер де бар. Жарыстың мақсаты осы спорт түрін жастар арасында настихаттап, дамыту болып саналады.

Екі жылда бір өтетін спартакиадаға 60-тан аса гимнастшылар арнайы іріктеуден өтіп, өз бақтарын сынады. Жеке нәтижелер бойынша ең көп медалдарға ие болған Қазақстан жастар ұлттық құрамасының мүшелері Константин Руденко мен Фарух Набиев өз әсерлерімен бөлісіп, алдағы жоспарларымен бөлісті. Олар жақында Индонезияда өткен жастар арасындағы Азия чемпионатында командамен қола медаль алған болатын.

– Біз өз нәтижемізге ризамыз. Бүгін жақсы өнер көрсеттік деп ойлаймыз. Жақында Азия чемпионатынан оралып, осында дайын болып келдік десе де болады. Жақында Санкт-Петербург қаласында Александр Дитятин Кубогына аттанамыз. Жақсы нәтиже көрсетеміз деп сенеміз,– деді олар.

Айта кету керек, осы Спартакиаданың қортындысы бойынша жалпы командалық есепте жастар мен қыздар арасында бірінші орынға Алматы құрамасы ие болса, екінші орынға Шымкент жайғасты. Павлодар қаласының ұлдары мен Петропавлдың қыздары қола жүлдегер атанды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдар және медалдармен марапатталды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды". Еліміз бойынша 10 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Қазақстан құрамасының алтын медаль саны 32-ге жетті

Елена Рыбакина US Open турнирінің жартылай финалына шығып, әлемнің бірінші ракеткасы атанатын болды