Бүгін еліміздің кей жерінде жаңбыр жауып, жел күшейеді

Сурет: zakon.kz
Республиканың кей жерлерінде жел күшейіп, тұман түседі.

Бүгін атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты еліміздің солтүстік, шығыс және оңтүстік-шығыс бөліктерінде найзағай жарқылдап, жаңбыр жауады. Ал батыс, оңтүстік және орталық бөліктерінде күн ашық болады, деп хабарлайды Zakon.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде жел күшейеді. Күндіз басым бөлігінде жел 15-20 м/с болса, кей жерлерде жылдамдығы 23-28 м/с-ке жетеді.

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде найзағай жарқылайды, желдің екпіні 15-20 м/с-ке жетеді, сондай-ақ Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түседі.

Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түсіп, жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді, күндіз кей жерлерде найзағай ойнайды.

Павлодар, Қызылорда, Шығыс Қазақстан, түнде Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Қызылорда облысында шаңды дауыл соғады. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде және таңертен тұман түседі.

Ақмола облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман түсіп, күндіз кей жерлерде жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.

Алматы облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдап, күндіз кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке жетеді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Арапа күні не істеу керек: оқылатын дұғалар мен жасалатын амалдар

Бектенов Ашхабадтағы ТМД үкіметтері басшылары кеңесінің отырысына қатысты

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Шағын футболдан Еуропа чемпионаты: Қазақстан Венгрия құрамасын ұтып, финалға жолдама алды

Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды