ШҚО-да ауыл тұрғындары жаназаға қатысамыз деп жағада қалып қойды

Сурет: zakon.kz
Жерлеу рәсіміне асыққан тұрғындар тасып жатқан өзеннен тіркемелі трактор арқылы өтпек болған.

Тарбағатай ауданында 25 адам тасыған өзеннің құрсауынан құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тарбағатайдың Есім ауылына Қарғыба өзені арқылы ғана қатынайды. Жерлеу рәсіміне асыққан тұрғындар тасып жатқан өзеннен тіркемелі трактор арқылы өтпек болған. Бірақ, трактор су ортасында өшіп қалып, жолаушылар арғы жағаға жаяу шыққан. Ені 35 метр болатын өзеннің тереңдігі бір метрден астам болған.

«Есім ауылында бірнеше шаңырақ қана тұрады. Ауылдан өзге елді мекендерге қатынайтын жол жоқ. Сондықтан, жерлеу рәсіміне келген тұрғындар ауылдарына қайту үшін төтенше жағдай қызметіне жүгінді. Біз келгенде бәрінің киімдері су болды, бойларын суық ала бастаған.Дер кезінде жетіп, барлығын қауіпсіз жерге жеткіздік» - дейді Тарбағатай ауданының №59 өрт сөндіру бөлімінің басшысы Бақытбек Нұрғалиев.

Өрт сөндірушілер жол талғамайтын арнайы техникамен 25 адамды Есім ауылынан 30 шақырымда жатқан елді мекенге жеткізген. Төтенше жағдай қызметкерлері бұл кезеңде тау өзендері ашуынан мінетінін, сондықтан, мейлінше сақ болу керектігін ескертеді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев

Жамбыл облысында "Жамбылым-жер жаннатым" атты үздік эссе байқауы өтті

24 маусымда қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды