"Қазақстан" РТРК АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары ауысты

Сурет: zakon.kz
Ол – Асқар Нұрымжанов.

«Қазақстан» РТРК АҚ Басқармасы төрағасының бірінші орынбасары лауазымына Асқар Мұқанметжанұлы Нұрымжанов тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Асқар Нұрымжанов 1972 жылы дүниеге келген. 1999 жылы Алматы Халық шаруашылығы институтын экономика және менеджмент мамандығы бойынша, 2009 жылы Алматы қаласындағы Халқаралық бизнес академиясының магистратурасын МВА бағдарламасы бойынша, 2015 жылы Халықаралық бизнес мектебін DBA бағдарламасы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын «Қазақтелеком» АҚ Есеп-саяси және ішкі аудит қызметінің жетекші маманы болып бастап, кейіннен Қаржы департаменті операциялау бөлімінің жетекшісі, 2003 жылы Қаржы департаменті директорының орынбасары, ал, 2006-2016 жылдары аралығында Ақмола облыстық Телекоммуникация дирекциясының бас директоры қызметтерін атқарған.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін