Астанада зейнеткерлерді тонап келген ұры әйелдер ұсталды

Сурет: zakon.kz
Қазіргі кезде күдіктілер тергеу изоляторына жіберілді.

Астанада егде жастағы адамдардың қалтасына қол сұғып жүр деп айыпталған екі күдікті ұсталды, деп хабарлайды Хабар 24.

Олар Павлодар облысынан келген 19 жастағы қыз бен 58 жастағы әйел болып шықты.

«Күдіктілердің елорда аумағындағы бірнеше ұрлық дерегіне қатысы бар екені анықталды. Олар негізінен егде жастағы адамдарды Қазпошта бөлімшелерінің, банкоматтардың маңында, үйлердің кіреберісі мен лифтіде аңдып жүріп, тонаған. Бұл екеуі ұйымдаса әрекет еткен: бірі ештеңеден күмәнданбайтын қарияларды түрлі сұрақтармен алаңдатып, екіншісі бұл кезде олардың қалтасына қол салатын болған. Сауда орталықтарында да адамдардың бейқамдығын пайдаланып, ақша толы әмияндарын, телефондарын, басқа да құнды бұйымдарын ұрлаған», – дейді полицейлер.

Қазіргі кезде күдіктілер тергеу изоляторына жіберілді. ҚР ҚК 188-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерулер жүріп жатыр. Олардың қала аумағындағы басқа да осындай қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталуда.

Астана ішкі істер департаменті осы тұлғалардың әрекетінен жәбір көргендерден Бейбітшілік көшесі, 19-үйде орналасқан ІІД-ге хабарласуын немесе 8(7172)71-61-71, 87751888870 нөмірлеріне қоңырау шалуын сұрайды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда 2027 жылдан бастап бірқатар әлеуметтік төлемді арттыру жоспарланып отыр

Әл-ауқат санатын анықтайтын калькулятор 16 қазанда іске қосылады

Қазақстанда қандай отбасылар C, D және E санаттарына жатқызылады және олар 2027 жылы жәрдемақы ала ма

Алматы тауларынан қару мен оқ-дәрі табылды

Әл-ауқат санаттары калькуляторы алимент пен жәрдемақы түріндегі "табысты" есепке алады ма - министр жауабы