"Болашақ" бағдарламасымен шетелдік қай университетке түсуге болады – жаңа тізім

Сурет: zakon.kz
Қазақстандықтар "Болашақ" бағдарламасы арқылы оқи алатын шетелдік жоғары оқу орындарының тізімі жарияланды.

Бүгін «Казахстанская правда» газетінде «Болашақ» бағдарламасымен оқуға ұсынылатын шетелдік жоғары оқу орындарының жаңа тізімі жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2018 жылғы 4 сәуірдегі бұйрығына сәйкес, "2018 жылғы "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсы жеңімпаздарының оқуы, тілдік курстардан өтуі үшін ұсынылатын шетелдік жетекші жоғары оқу орындарының, шетелдік ұйымдардың тізімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 27 ақпандағы бұйрығына өзгеріс енгізілді.

"2018 жылғы "Болашақ" халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсы жеңімпаздарының оқуы, тілдік курстардан өтуі үшін ұсынылатын шетелдік жетекші жоғары оқу орындарының, шетелдік ұйымдардың тізімі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын", – делінген бұйрықта. Тізімнің толық нұсқасын adilet.zan.kzсайтынан қарауға болады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Kaspi Жұма 5–8 қарашада өтеді: төрт күндік жеңілдіктер, бонустар және тиімді бөліп төлеу

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

Ақордада "Астана-Көгалдандыру құрылысы" мекемесінің қызметкері Дидар Телжанұлына "Құрмет" ордені табысталды