Мемлекет басшысы Францияның бұрынғы Президенті Франсуа Олландпен кездесті

Сурет: zakon.kz
Нұрсұлтан Назарбаев Астана экономикалық форумына қатысуға келгені үшін Франсуа Олландқа ризашылық білдірді.

Мемлекет басшысы Францияның бұрынғы Президенті, Франция Конституциялық Кеңесінің мүшесі Франсуа Олландпен кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Нұрсұлтан Назарбаев Астана экономикалық форумына қатысуға келгені үшін Франсуа Олландқа ризашылық білдірді.

– Сіз Президент кезіңізде біздің елде ресми сапармен болған едіңіз. Соның нәтижесінде ынтымақтастығымызды дамыту үшін жақсы жағдай жасадық, – деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы қазіргі уақытта Қазақстан мен Франция арасындағы байланыстар, соның ішінде «жасыл» технологиялар саласындағы ықпалдастық нығайып келе жатқанын айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев баламалы энергетиканы дамыту үшін Қазақстан тарапынан атқарылып жатқан жұмыстар, соның ішінде «ЭКСПО-2017» кешенінің базасында құрылатын «Жасыл» экономика орталығы жөнінде әңгімеледі.

Франсуа Олланд кездесуге мүмкіндік бергені үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс білдіріп, Қазақстан Президентінің мемлекетаралық байланыстарды нығайтуға зор үлес қосқанын атап өтті.

Форумға қатысты барлық жаңалықтарды мына сілтемеден оқыңыз.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Ақордада "Астана-Көгалдандыру құрылысы" мекемесінің қызметкері Дидар Телжанұлына "Құрмет" ордені табысталды

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

"Гинекологқа да барғанмын": қазақстандық eGov жүйесінен күмәнді жазбаларды анықтады

"Тісі жоқ болғандықтан ұялған": сүйістен бас тартуы жас қазақстандық қыздың өміріне қауіп төндірді