Павлодар облысына қар жауды

Сурет: zakon.kz
Павлодарлықтар әлеуметтік желілерде қолайсыз ауа райын талқылауда.

Таңертең Баянауыл және Лебяжі аудандарында қар аралас жаңбыр жауды, деп хабарлайды Baq.kz.

Павлодарлықтар әлеуметтік желілерде қолайсыз ауа райын талқылауда. Лебяжі аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Аманжол Ереннің айтуынша, аудан орталығында шамамен сағат 11:00-де қар еріп кеткен.

«Қазір қар еріп кеткенмен, ауа райы суық болып тұр. Мамыр айында соңғы рет қашан қар жауғаны есімде жоқ», - дейді Аманжол Ерен.

Баянауылда да қар жауған. «Қазгидромет» РМК-ның облыстық филиалының кезекші синоптигі бұл аймақта мамыр айының аяғына дейін ауа райы қолайсыз болатынын айтты.

«Павлодар облысында түнгі ауа температурасы өте төмен: нөлден минус үш градусқа дейін. 19 мамырда ауа температурасы бес градусқа дейін төмендеп, қар аралас жаңбыр жаууы мүмкін. Бұл – уақытша құбылыс. Маусым айында күн жылынады», - дейді ол.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Айына 8,7 млн теңге: қазақстандықтар қандай жалақыға жұмыс істеуге дайын

Қытай сапары: БҚО әкімі Нариман Төреғалиев Ляонин провинциясы партия комитетінің хатшысымен кездесті

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды