Алматыда заңсыз жасалған 490 мың бөтелке ішімдік тәркіленді

Сурет: zakon.kz
Аталған деректер бойынша іс материалдары сотқа жіберілді.

Алматыда жыл басынан бері 500 мыңға жуық қолдан жасалған ішімдік айналымнан шығарылды. Бұл туралы ҚазАқпарат қалалық Мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Департамент мамандары жалпы сомасы 247 млн теңге болатын 490 мың бөтелке ішімдік пен 960 литр спирт қосылған сұйықтықты айналымнан тәркіледі. Алматыда жалған ішімдік өнімдерін заңсыз сатудың 74 дерегі, құжатсыз сатудың 105 дерегі, жалған акциздік маркаларды қолданып ішімдік сатудың 4 дерегі әшекереленді. Аталған деректер бойынша іс материалдары сотқа жіберілді.

«Алкогольді ішімдіктердің түпнұсқа екендігін Wipon мобильді қосымшасы арқылы тексеруге болады. Қосымшаны iOs, Android және Windowsphone жүктеп алуға болады. Сканнан өткен соң ішімдіктің қай зауытта, қашан өндірілгені туралы ақпарат шығады. Бұл ақпарат шұғыл түрде ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетіне жіберіліп отырады», - деді департаменттің баспасөз қызметінен.


Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Ақордада "Астана-Көгалдандыру құрылысы" мекемесінің қызметкері Дидар Телжанұлына "Құрмет" ордені табысталды

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

"Гинекологқа да барғанмын": қазақстандық eGov жүйесінен күмәнді жазбаларды анықтады

"Тісі жоқ болғандықтан ұялған": сүйістен бас тартуы жас қазақстандық қыздың өміріне қауіп төндірді