Өскеменде аялдамада автобус күтіп отырған зейнеткер қайтыс болды

sn.kz
Марқұм кенет өзін нашар сезініп, жерге құлап түскен.

Өскеменде аялдамада өз автобусын күтіп отырған қарт кісі қайтыс болды, деп хабарлайды Sn.kz.

Анықталғандай, 17 мамыр күні түскі уақытта 102 кезекшілік номеріне жедел жәрдем дәрігерлерінен қоңырау келіп түскен. Олар қоғамдық көлік тоқтайтын аялдамада егде тартқан ер азаматтың мәйіті жатқанын хабарлапты.

Оқиға орнына келіп жеткен полицейлер анықтағандай, марқұм алдымен тұрып тұрған екен. Кейін кенет өзін нашар сезініп, жерге құлап түскен.

"Сол маңнан өтіп бара жатқан адамдар дереу жедел жәрдем шақыртты. Дәрігерлер оқиға орнына шұғыл жеткенімен 78 жастағы ер адамның өмірін аман алып қалу мүмкін болмады. Оқиға Абай даңғылының бойында "Темірлан" сауда үйіне қарсы беттегі аялдамада болған", - дейді полицейлер.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда әйел тоғызыншы қабаттан құлап көз жұмды

"Қайрат" пен "Ордабасы" 26 шілдеде Алматыда кездеседі

Тоқаев Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында не айтты

26 шілдедегі Алматы мен Астанадағы валюта айырбастау бағамдары

Көкшетауда автожуу орнында ток соғып, жас жігіт қаза тапты