Трамп Ким Чен Ынмен келіссөзден бас тартуға дайын

Baq.kz
АҚШ-КХДР саммиті 12 маусымда Сингапурде өтеді деп жоспарланған.

АҚШ президенті Дональд Трамп солтүстіккореялық әріптесі Ким Чен Ынмен кездесуден бас тартуға дайын. Бұл туралы вице-президент Майк Пенс Fox News телеарнасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Вaq.kz.

«Ким Чен Ын Трамппен ойнағысы келсе, онда бұл үлкен қателік болар еді», - деді вице-президент.

Ал, Вашингтон Пхеньянмен саммитті өткізбей қоя алады ма деген сұраққа «Бұл да сұрақ болып па ?» деп жауап қайтарды.

Айта кетсек, АҚШ-КХДР саммиті 12 маусымда Сингапурде өтеді деп жоспарланған. Бірақ 16 мамырда Пхеньян саммитке қатысу жағын қайта қарастыруы мүмкін деген мәлімдеме жасады. Солтүстік Корея ядролық қарудан біржақты тәртіппен шыққысы келетін елмен келіссөз жүргізгісі келмейді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?