Алматыда жол апатынан жаяу жүргінші мен мопед жүргізушісі ауыр жарақат алды

zakon.kz
Екеуі де ауруханаға жеткізілді.

Алматыда мопедтің қатысуымен жол көлік оқиғасы орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жол апаты Ақан Сері мен Буденного көшесінің қиылысында болған. Куәгерлердің айтуынша, мопед Ақан сері көшесімен жоғары бағытта кетіп бара жатқан, сол сәтте қиылыстан Буденного көшесімен батыс бағытта келе жатқан Chevrolet Cruze көлігі шыға келеді. Ол мопедті байқамай қалды ма, әлде "Жол бер" белгісіне мән бермеді ме ол жағы белгісіз.

Мопедтің жүргізушісі соқтығыстан қашуға тырысқанымен, болмады. Соққы салдарынан мопед жүргізушісімен бірге аялдама жаққа ұшып кетеді, аялдамада тұрған қызды да қағып түсіреді.

Зардап шеккен қыз бен ауыр жарақат алған мопед жүргізушісі ауруханаға жеткізілді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Қазақстандық балуан Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола медалі үшін бақ сынайды