Алматыда 2020 жылы УЕФА Суперкубогы өтпейтін болды

ҚазАқпарат
2019/20-Чемпиондар лигасы маусымының финалы Ыстанбұлдағы «Ататүрк» стадионыда (Түркия), ал Еуропа Лигасының финалы - Гданьсктегі «Гданьск аренасында» (Польша) өтеді.

Еуропа футбол қауымдастықтарының одағы (УЕФА) 2020 жылы УЕФА Суперкубогы үшін матч өтетін орынды белгіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оны қабылдауға Алматы орталық стадионы, Тиран ұлттық стадионы (Албания), «Динамо» стадионы (Минск, Беларусь), «Самми Офер» Хайфы аренасы (Израиль), Хельсинки олимпиада стадионы (Финляндия), «Зимбру» стадионы (Кишинев, Молдова), «Уиндзор Парк» (Белфаст, Солтүстік Ирландия), Ниццедегі «Стад-де-Нис» аренасы (Франция) және Портудағы «Драгау» стадионы үміткерлік етті. Бұл жарыста португалдық «Драгау» аренасы жеңіске жетті.

Сондай-ақ, 2019/20-Чемпиондар лигасы маусымының финалы Ыстанбұлдағы «Ататүрк» стадионыда (Түркия), ал Еуропа Лигасының финалы - Гданьсктегі «Гданьск аренасында» (Польша) өтеді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты