Әйелі сегізінші сәбиін дүниеге әкелді: Талдықорған қаласы әкімі орынбасарының үйінде қуаныш

sn.kz
Сүйінші жаңалықпен танымал тележүргізуші Бейсен Құранбек желідегі парақшасында бөлісті.

Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары Мәрлен Көлбаевтың үйінде мереке. Сегізінші сәбилерін сүйіп отырған жанұяның сүйінші жаңалығын танымал тележүргізуші Бейсен Құранбек желідегі парақшасында бөлісті, деп жазады Sn.kz.

«Жеті баласы барды «батыр ана», «батыр әке» дейміз. Ал сегізінші баласы дүниеге келгендерді кім деп атаймыз? Жетісудан жақсы жаңалық жетті. Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары Мәрлен Көлбаев бауырымыздың үйіндегі Сәуле келін сегізінші сәбиін дүниеге әкеліпті. Кішкентайдың бауы берік болсын, Мәке!

Жетінші бала өмір есігін ашқанда Жұматай құрдасыңыз «алтын шыққан жерді белден қаз» деп тілек айтып еді ғой. Сол тілекке қосыламыз.

Тоғызыншыда тоқтамай, оныншыда ойланбай, бала санын 11-ге жеткізіңіздер. Бір футбол командасын жасақтап алған соң, одан кейінгісін өздеріңіз көре жатарсыздар», – деп жазды ол.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді