Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты елдің орталығы мен солтүстігінде қар жаууы ықтимал, елдің өзге аймақтарында жауын-шашын болып, күн күркіреп, жел күшейеді, деп хабарлайды Zakon.kz Қазгидромедке сілтеме жасап.
Синоптиктердің болжамы бойынша, тек елдің оңтүстігі мен оңтүстік батысында ғана күн ашық болады. Кей жерлерде бұршақ жауып, шаңды дауыл көтеріліп, тұман түсуі ықтимал.
Тарқатып айтатын болсақ, Шығыс Қазақстан облысында найзағай ойнап, секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады, екпіні 25 метрге жетіп, шаңды дауылға ұласады.
Ал, Ақмола облысында жел тұрады, түнде кей жерлерде 15-20 м/с жел соғады, күндіз желдің жылдамдығы республиканың басым бөлігінде 15-20 метрге жетеді, екпіні 25 метр болады. Кей жерлерде бұршақ жаууы ықтимал, түнде және таң ата тұман түседі.
Алматы облысының бірқатар аймағында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетіп, күндіз екпіні 23-28 метр болады. Таң ата және күндіз бұршақ жаууы ықтимал.
Жамбыл облысының бірқатар аймақтарында секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады, екпіні 23-28 метр болады. Бұршақ жауы ықтимал.
Қостанай облысында таң ата және күндіз жел тұрып, бұршақ жаууы ықтимал. Түнде кей жерлерде секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады, күндіз екпіні 17-22 метр болады. Түнде тұман түсуі мүмкін.
Солтүстік Қазақстан облысында жел тұрып, тұман түсіп, бұршақ жаууы да мүмкін. Түнде кей жерлерде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге, күндіз де 15-20 метрге, екпіні 23-28 метрге жетеді.
Қарағанды облысының кей аймақтарында тұман түсіп, бұршақ жауып, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді, екпіні 23-28 метр болады.
Павлодар облысының бірқатар аймақтарында секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғып, күндіз күн күркірейді.
Қызылорда, күндіз Атырау, Маңғыстау облыстарында жел күшейіп, жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Қызылорда мен Атырау облысында шаңды дауыл көтеріледі.
Оңтүстік Қазақстан, күндіз Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғып, Батыс Қазақстан облысында бұршақ жаууы ықтимал.
Маңғыстау облысында және Атырау облысының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде, Ақтөбе, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы, Қарағанды облыстарында өрт қаупі туындайды.