Алдағы уақытта мемлекеттік қызметшілерге куәліктің орнына төсбелгі беріледі

altaynews.kz
Төсбелгіні дайындауға 400-500 теңге жұмсалса, куәліктің құны 3-4 мың теңгедей.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның жүзеге асырылуын бағалау және оған сыртқы сараптама жасау жөніндегі республикалық арнайы мониторингтік топтың мүшелері ШҚО-дағы ауылдық округтердің, кенттердің әкімдерімен кездесті, деп хабарлайды altaynews.kz.

- Елден шыққанымызға екі айдың жүзі болды. Осымен он екінші өңірге ат басын бұрдық, — деп бастады кездесуді Мемлекеттік қызмет агенттігінің жұртшылықпен байланыс жөніндегі департаментінің директоры Арман Бердалин.

Арман Тілектесұлы алдағы уақытта мемлекеттік қызметшілердің барлығына куәліктің орнына төсбелгі берілетінін жеткізді. Департамент директорының айтуынша, төсбелгіні дайындауға 400-500 теңге жұмсалса, куәліктің құны 3-4 мың теңгедей, яғни экономикалық жағынан да тиімді. Оның үстіне ІТ-картада мемлекеттік қызметші туралы барлық мәлімет көрсетіледі.

ҚР Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі агенттіктің ШҚО бойынша департаментінің басшысы Жанна Қабдолдақызы болашақта аудан мен қала әкімдері үшін де білімдерін жетілдіру курстары ұйымдастырылатынын айтты.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет бизнес бастауға ниетті кәсіпкерлерге 1,7 млн теңге үлестіруде: өтінімдерді қашан және қайда өткізеді

Полиция төрт жыл бұрынғы кісі өлтіру қылмысының бетін ашты

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

700-ден астам ескертпе мен қате: Қазақстанда мектеп оқулықтары қашан жаңартылады

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!