Малайзияда ірі көлемде есірткі тәркіленді

Хабар 24
Әзірге 6 адам қамауға алынды. Олардың үшеуі – Мьянма азаматтары, ал қалғаны – малайзиялықтар.

Малайзия шекара қызметкерлері 1 тоннадан артық есірткіні тәркіледі, деп хабарлайды Хабар 24.

Бұл – ел тарихындағы ең үлкен контрабанда. Осындай ақпарат Негери-Сембиланде өткен баспасөз конференция кезінде хабарланды. Ресми дерек бойынша, қылмыскерлер 1187 килограмм метамфетамин мен 760 грамм героинді ішкі сауда нарығына алып кірмекші болған. Олар есірткіні арнайы алтынмен қапталған шай салатын пакеттермен алып өткісі келген. Осы мәселеге байланысты тергеу жұмыстары Куала-Лумпурде жүріп жатыр.

Әзірге 6 адам қамауға алынды. Олардың үшеуі – Мьянма азаматтары, ал қалғаны – малайзиялықтар.

– Бұл – бұрын-соңды кездескен ең ірі контрабанда. Тәркіленген есірткінің құны 17 миллион доллардай болады. Ал салмағы – 1187 килограмм, деді шекара қызметы басшысы Саброманиям Толази.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

Алматыда жаңа туған сәбиін тастап кеткен әйел ұсталды