Қазгидромет еліміздің солтүстік, орталық, шығыс және оңтүстік өңірлерінде сәрсенбі күні дабылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Қостанай облысында 30мамырда кей жерлерде күн күркірейді, дауыл соғып, бұршақ түсуі ықтимал, желдің екпіні 15-20 м/с. Түнде кей жерлерде екі градус үсік жүреді. Дауылдың ықтималдығы 90-95%.
Жамбыл облысында 30 мамырда желдің екпіні кей жерлерде 15-20 м/с, ұйытқуы 23-28 м/с, оңтүстік-батыста 30 м/с асады. Күндіз кей жерлерде күн күркіреп, дауыл соғады, бұршақ жаууы ықимал. Таразда 30 мамырда жел соғады 15-20 м/с, ұйытқуы 23-28 м/с.
30 мамырда Қарағанды облысында желдің екпіні 15-20 м/с, ұйытқуы 23-28 м/с, кейде 30 м/с жетеді. Кей жерлерде күн күркірейді, дауыл соғып, бұршақ жаууы ықтимал.
Қызылорда облысында 30 мамырда желдің екпіні 15-20 м/с, кей жерлерде 23-28 м/с, ұйытқуы 30 м/с жетеді. Кей жерлерде дауыл, құйын соғуы мүмкін.
Шығыс Қазақстан облысында 30 мамырда түнде желдің екпіні кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с, кей жерлерде 23-28 м/с, ұйытқуы 30 м/с жетеді. Кей жерлерде күн күркірейді, дауыл соғып, бұршақ жаууы ықтимал. Өскеменде желдің екпіні 17-22 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысында 30 мамырда түнде жел, кей жерлерде екпіні 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с, кей жерлерде ұйытқуы 23-28 м/с. Түнде кей жерлерде жауын-шашын түседі, күндіз кей жерлерде жаңбыр жауады. Кей жерлерде күн күркіреп, дауыл соғып, бұршақ түсуі мүмкін. Түнде кей жерлерде үш градус үсік жүреді. Петропавлда 30 мамырда солтүстік желдің екпіні 15-20 м/с, ұйытқуы 25 м\с. Түнде үш градус үсік жүреді.
Ақмола облысында 30 мамырда жел, түнде кей жерлерде екпіні 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с, ұйытқуы 23-28 м/с. Кей жерлерде нөсер жауып, күн күркірейді, бұршақ түсуі мүмкін. Астанада 30 мамырда желдің екпіні 15-20 м/с, ұйытқуы 23 м/с. Таңертең және күндіз күн күркірейді, бұршақ түсуі мүмкін.