Атмосфералық ауа ағындарының өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы болады, деп хабарлайды Zakon.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.
Кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай соғады, дауыл мен жел күшейіп, бұршақ жаууы мүмкін. Тек оңтүстік-батыс және оңтүстікте жауын-шашынсыз ауа райы болады. Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында желдің күші 15-20, екпіні 23-28, күндіз кей жерлерінде 30 м/с және дауыл, бұршақ жаууы мүмкін, түнде және таңертен тұман болады.
Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарында дауыл тұрып, түнде басым бөлігінде жел 15-20, кей уақытта 23-28 м/с күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін. Алматы облысының кей жерлерінде түнде және таңертен желдің жымдамдығы 18-23 м/с күшейіп, бұршақ жаууы мүмкін. Ақтөбе облысының кей жерлерінде желдің күші 17-22 м/с, күндіз шаңды дауыл болады. Қызылорда облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғып, шаңды дауыл соғады.
Павлодар облысында желдің күші 15-20, екпіні 25 м/с. Ақтөбе, Қызылорда, Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с. Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман түседі. Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде 3 градусқа дейін үсік болады. Маңғыстау облысының кей жерлерінде өрт болу қаупі жоғары.