Назарбаев: Астана студенттері базардағы лашықтарда тұрып жатқанын өз көзіммен көрдім

АиФ
Менің ойымша, жастарға жақсы білім алу үшін бар жағдайды жасасақ бұл үлкен игілік болады - Назарбаев.

Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отан» партиясының саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында студенттік жатақханалар салуды неге ұсынғанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

"Неге маған осындай ой келді? Қаланы аралау кезінде Астана студенттері базардағы лашықтарда тұрып жатқанын көрдім, яғни тек бір түн түнеп шығу үшін. Ондай жерлерде сабақ оқуға немесе жуынуға ешбір жағдай жасалмаған. Мұндай кезде білім алу жайлы қалай айтасың? Мұндай жағдай осында ғана емес, барлық жерде болуы мүмкін. Мысалы, елордада ата-анасымен бірге тұратын, университетте оқитын студенттер бар, сонымен қатар өзге өңірлерден білім алу үшін қалаға келетіндер де аз емес. Сондықтан да білім алу үшін қолайлы жағдайларға қол жеткізу - біздің жастар үшін үлкен игілік", - деді Президент.

Сонымен қатар Елбасы жастарда табыс табу мүмкіндігі болу үшін жазда студенттердің өздерін құрылысқа тарту керектігін ұсынды.

"Болашақта өздері тұратын жерде, өздері жұмыс істесін, оларға да ұнайды деп ойлаймын. Құрылыстың сапасы мен жылдамдығын өз көздерімен көріп жүретін болады", - деп түйіндеді Мемлекет басшысы.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды