Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады

Baq.kz
Тек республиканың батысында және оңтүстік-батыста жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады, кей жерлерде жаңбыр жауады, жел күшейіп, тұман түседі, бұршақ жаууы мүмкін, деп хабарлайды Zakon.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Тек республиканың батысында және оңтүстік-батыста жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, найзағай, тұман болады, Ақмола облысының кей жерлерінде бұршақ жаууы мүмкін. Павлодар, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетіп, найзағай ойнайды. Ақтөбе, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, шаңды дауыл соғады.

Түнде Қостанай облысының кей жерлерінде, күндіз басым бөлігінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с, екпіні 25 м/с жетеді, кей жерлерінде найзағай жарқылдайды. Түнде Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде, күндіз басым бөлігінде жел 15-20 м/с, желдің екпіні 23 м/с күшейеді, кей жерлерінде найзағай, дауыл тұрып, бұршақ жаууы мүмкін. Алматы облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Маңғыстау облысында өте жоғары өрт қаупі бар.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Қазақстандықтар 2026 жылғы шілдеде қанша күн демалады

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Айына 8,7 млн теңге: қазақстандықтар қандай жалақыға жұмыс істеуге дайын

Жанар-жағармайды заңсыз әкету: полиция мұнай өнімдерінен пайда табатындарға бақылауды күшейтті