Ұлттық банк: «7-20-25» бағдарламасы аясында банктер 200 млрд теңге алады

Liter.kz
Болашақта ол сома 1 трлн теңгеге жетеді. Бұл өз кезегінде банктердің ағымдағы ипотекалық портфель көлемін 2 трлн теңгеге дейін еселеуге мүмкіндік береді.

Жыл басынан бері Қазақстан банктері 30 пайызға жуық деңгейде несие беруді ұлғайтты. Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің кеңейтілген отырысында ҚР Ұлттық банк төрағасының орынбасары Алпысбай Ахметов мәлім етті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оған қоса, Алпысбай Ахметовтың айтуы бойынша, таяу арада банктер «7-20-25» бағдарламасы аясында 200 млрд тенге алады. Болашақта ол сома 1 трлн теңгеге жетеді. Бұл өз кезегінде банктердің ағымдағы ипотекалық портфель көлемін 2 трлн теңгеге дейін еселеуге мүмкіндік береді.

Бұдан бұрын хабарланғандай, жақында өткен есептік кездесуде Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек екі-үш айда «7-20-25» бағдарламасы бойынша бірінші ипотекалық займдар берілетінін айтқан болатын.

«Қаңтар-сәуірде жаңа несиелерді беру өткен жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 27 пайызға немесе 814 млрд теңгеге артты. Нәтижесінде, банктің несиелік портфелі жылдық мәнде сәуірдің қорытындысы бойынша 12,1 пайызға өсті», - деді Ахметов.

Оның атап өтуінше, ұзақ мерзімді несиелеуді қамтамасыз ету үшін Ұлттық банк бірқатар бастамаларды іске асырып жатыр. Осы орайда заңнамалық деңгейде банктердің қор жинау мерзімін ұзартатын тетіктерді енгізу көзделіп отыр.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді