Алматыда бірнеше көліктің қатысуымен жол апаты орын алды

zakon.kz
Жол апатының мән-жайын полиция қызметкерлері анықтап жатыр.

Алматыда Саин көшесінде үш көліктің қатысуымен жол көлік оқиғасы орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жол апаты Абай даңғылына жетпей, Саин көшесінде болды. Анықталғандай, апатқа себеп жолда жатқан үлкен қызыл мата болған. Kia Sportage жүргізушісінің айтуынша, ол солтүстік бағытта келе жатқан. Оның алдында келе жатқан көліктің жүргізушісі жердегі матаны көріп, тежегішті басып, маневр жасай бастаған. Kia жүргізушісі де тоқтаған, сол сәтте оның артынан Mitsubishi Lancer көлігі келіп соғады, ал оның артына Mazda RX-8 көлігі кіріп кетеді.

Ең бірінші Mitsubishi көлігі артымнан соқты деген Kia жүргізушісінің сөзін Mazda жүргізушісі растап отыр. Алайда Mitsubishi жүргізушісі болса, артымнан Mazda көлігі соққаннан кейін барып Kia көлігіне соқтым деп отыр.

Апаттың салдарынан Mitsubishi көлігінің екі жолаушысы зардап шекті. Олар ауруханаға жеткізілді.

Жол апатына байланысты Саин көшесінде екі бағыт бойынша да кетпеліс орын алды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев

Елді мекендердің бас жоспарларын бекіту қағидаларына өзгерістер енгізілді

"Болашақ" стипендиясы иегерлерінің тізімі жарияланды