Қостанайда ер адам есірткіні зиратта жасырып қойған

Stan.kz
Күдікті бұған дейін сотталып, есірткі сақтағаны үшін жазаға тартылған екен.

Қостанайда ер адам есірткіні зиратта жасырып қойды деп күдіктеліп отыр, деп хабарлайды облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.

Ведомство мәліметінше, 26 жастағы күдікті қалалық зираттың аумағынан ұсталған. Ер адам жерден ішіне есірткі салынған пакетті қазып алып, оны көлігімен алып кетпек болған. Одан 320 грамм көлемінде есірткі тәркіленді. Өз кезегінде есірткінің мұндай мөлшері аса ірі саналады.

Күдікті бұған дейін сотталып, есірткі сақтағаны үшін жазаға тартылған екен.

«Бұл жолы есірткіні сақтауда ерекше әдіс ойлап тауып, есірткіні зираттардың біріне жасырған. Осылайша одан ешкім күдіктенбейді деп ойлаған», – дейді полициядағылар.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз