Бүгін еліміздің басым бөлігінде найзағай жарқылдап, жаңбыр жауады

i.ytimg.com
Еліміздің кей жерлерінде жел күшейеді.

Бүгін атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде найзағай жарқылдап, жаңбыр жауады, тек солтүстік-шығыста және оңтүстік-шығыста күн райы ашық болады, деп хабарлайды Zakon.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Еліміздің кей жерлерінде жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл соғады, сондай-ақ солтүстік-батыста бұршақ жаууы мүмкін.

Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, күндіз Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде желдың жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Қызылорда облысында шаңды дауыл соғады, Қостанай облысында бұршақ жаууы мүмкін.

Күндіз Алматы облысының басым бөлігінде, Атырау, Қызылорда, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде аптап ыстық болады деп болжанады.

Маңғыстау, Атырау, Қызылорда облыстарының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде өте жоғары деңгейдегі өрт қаупі болуы мүмкін.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Ақордада "Астана-Көгалдандыру құрылысы" мекемесінің қызметкері Дидар Телжанұлына "Құрмет" ордені табысталды

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

Қазақстанда күн −18°С-қа дейін суытады