Бақытжан Сағынтаев Бәсекеге қабілеттілік жөніндегі сараптама кеңесінің отырысын өткізді

primeminister.kz
Отырыс барысында экономиканы ырықтандыру және кедендік реттеуді жетілдіру мәселелері талқыланды.

Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың қатысуымен Бәсекеге қабілеттілік жөніндегі сараптама кеңесінің отырысы өтті, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР Премьер-Министрінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Отырыс барысында экономиканы ырықтандыру және кедендік реттеуді жетілдіру мәселелері талқыланды.

Күн тәртібі бойынша «Globalink Logistics Group» бас директоры С. Хан баяндама жасады.

Мәселелерді талқылауға ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Е. Досаев, ұлттық экономика министрі Т. Сүлейменов, инвестициялар және даму бірінші вице-министрі Р. Скляр, Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы А. Теңгебаев, «Сентрас» компаниялар тобының бас директоры Е. Әбдіразақов, «BI Group» холдингі директорлар кеңесінің төрағасы А. Рахымбаев және т.б. қатысты.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз