Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады

qazaqtimes.com
Республиканың кей жерлерінде жел күшейіп, солтүстік өңірлерде бұршақ жаууы ықтимал.

Атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды, тек батыста және солтүстік-батыста жауын-шашынсыз ауа райы болады, деп хабарлайды Zakon.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Республиканың кей жерлерінде жел күшейіп, солтүстік өңірлерде бұршақ жаууы ықтимал. Түнде Ақмола облысының кей жерлерінде, күндіз басым бөлігінде жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз желдің екпіні 25 м/с болады, күндіз кей жерлерінде дауыл, шаңды дауыл, бұршақ жаууы мүмкін. Алматы облысының кей жерлерінде күндіз жел шаңды дауылға ұласады, желдің күші 15-20 м/с күшейеді.

Жамбыл облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз желдің екпіні 25 м/с, шаңды дауыл болады, таңертең және күндіз кей жерлерінде дауыл соғады. Ақтөбе, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде күндіз жел 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Қостанай, Солтүстік Қазақстан, күндіз Павлодар облыстарының кей жерлерінде жел тұрады, жылдамдығы 15-20 м/с, дауыл, күндіз бұршақ болуы мүмкін.

Күндіз Алматы облысының басым бөлігінде аптап ыстық күтіледі. Маңғыстауда, Қызылорданың кей жерлерінде, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты