Петропавлда алаяқтар зейнеткерлерді көз тиюмен қорқытып, тонап кеткен

Baq.kz
Қазіргі уақытта «Тонау» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Петропавлда полиция қызметкерлері 83 жастағы зейнеткерді тонап кеткен алаяқ әйелді тұтқындады, деп хабарлайды Baq.kz.

Смирнов көшесінде тұратын зейнеткерге бейтаныс әйел келіп, үйін сатып алатынын айтқан. Ештеңе сатпайтынын айтқан кезде әлгі әйел 83 жастағы зейнеткерді өзіне көз тигеніне сендірген. Зәресі үшқан зейнеткер көз тиюден құтылу үшін жаңа ғана алған зейнетақысының жартысын өзіне «жанашыр» әйелдің қолына ұстатқан.

Одан кейін ғана не болғанын түсінген ол полиция қызметкерлеріне хабарласқан. Сол күні кешқұрым тәртіп сақшылары алаяқ әйелді ұстайды. Ол Мәмлүт ауданының 54 жастағы тұрғыны болып шықты. Бұрын да осыған ұқсас қылмысы үшін істі болған.

Қорқытып алған ақшаның бір бөлігі зейнеткерге қайтарылды. Қазіргі уақытта «Тонау» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Осы айдың басынан бастап үш зейнеткер алаяқтардың құрбаны болған. Олардың бәрі бір жүйе бойынша жұмыс істеген, яғни үйге кіріп, көз тию туралы айта бастаған. Одан кейін тіл-көзден қорғау үшін жұмыртқа сұраған. Зейнеткерлер жұмыртқа әкелу үшін басқа бөлмеге кеткен кезде олар ақша мен басқа да құнды дүниелерін жымқырып кетіп отырған.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Қазақстан құрамасының алтын медаль саны 32-ге жетті

"Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды". Еліміз бойынша 10 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы