Қашаған жобасына тартылған қарызды өтеу мерзімі ұзартылды

Baq.kz
Екіжақты кездесу Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ҚХР мемлекеттік сапары аясында өтті.

«Самұрық – Қазына» ҰӘҚ ICBC-мен «ҚМГ Қашаған Б.В.» ЖШЖК жобасына тартылған қарыздың өтеу мерзімін ұзарту туралы келісімге қол қойылды, деп хабарлайды Baq.kz.

Басқарма төрағасы Ахметжан Есімов бастаған «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының делегациясы «Қытай Сауда-өнеркәсіп Банкі» («Industrial and Commercial Bank of China Limited», әрі қарай - ICBC) директорлар кеңесінің төрағасы И Хуэйманмен кездесті. Екіжақты кездесу Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ҚХР мемлекеттік сапары аясында өтті.

Кездесу барысында «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Ахметжан Есімов ICBC Директорлар кеңесінің төрағасы И Хуэйманмен Банк тарапынан Қорға 2015 жылы берілген займның сыйақы мөлшерлемесін төмендету және оны өтеу мерзімін 2022 жылдың соңына дейін ұзарту туралы келісті.

Сонымен қатар, тараптар «Самұрық-Қазына» АҚ мен «Қытай Сауда-өнеркәсіптік Банкі» арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды және болашақтағы басымдықтарды талқылады.

Директорлар кеңесінің төрағасы И Хуэйман ICBC үш салада ынтымақтастыққа мүдделі екендігін жеткізді: біріншісі – облигацияларды орналастыру, екіншісі – стратегиялық инвестор ретінде Қор активтерін жекешелендіру бағдарламасына қатысу және үшіншісі – нақты жобаларды қаржыландыру.

Кездесу соңында, «Самұрық-Қазына» АҚ Басшысы А.Есімов аспан асты елінің өкілдеріне ризашылығын білдірді және бірлескен жұмысқа, Қор жобаларын жүзеге асыруға қатысуға деген ниеті мен сенімі үшін алғыс айтты және болашақта Қордың компаниялар тобы Гонконг және Шанхай қор нарығына шығуы мүмкін екендігін атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, 2015 жылы «Самұрық-Қазына»ҰӘҚ» АҚ «ҚМГ Қашаған Б.В.» ЖШЖК акцияларының 50%-ын 1,5 млрд АҚШ долларына сатып алу бойынша мәмілені қаржыландыру үшін 5 жылдық синдикатталған заем тартты, онда ICBC қаржыландыруды уәкілетті жетекші ұйымдастырушылардың бірі ретінде болды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

"Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды". Еліміз бойынша 10 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы