Сырқаттанған тұрғындар Қадір түнін үйде күткені жөн - ДСМ

ҚазАқпарат
Бүгін маусымның 11-інен 12-сіне қараған түні Қазақстанның барша мұсылмандары Қадір түнін өткізеді.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі қазақстандықтарды сырқаттанған жағдайда Қадір түнін үйде күтуге шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгін маусымның 11-інен 12-сіне қараған түні Қазақстанның барша мұсылмандары Қадір түнін өткізу үшін мешіттерге жиналады. Әрбір мұсылман бұл түнді мешітте құлшылықпен өткізгісі келеді. Бұл уақытта мешіттерге халықтың ұзақ уақытқа жиналатынын ескере отырып, Денсаулық сақтау министрлігі барлық сенушілерді өз денсаулығына мұқият болуға кеңес береді. Өзін жайсыз сезініп, сырқаттанып қалған тұрғындардың үйде қалғаны жөн. Одан бөлек, тамақтың қызаруы, дене қызуының көтерілуі, әлсіздік сынды аурудың алғашқы белгілері байқалған жағдайда дәрігерге көріну керек», - делінген ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің баспасөз қызметі жіберген хабарламада.

Еске сала кетсек, бұған дейін министрлік республиканың барлық өңірінде аурудың алдын алу бойынша қауырт желіні іске қосқан болатын. Онда инфекционист және эпидемиолог дәрігерлер тәулік бойы жұмыс істеп, телефон арқылы менингиттің алдын алу бойынша кеңес береді.

Министрліктің хабарлауынша, 11 маусымдағы менингококк инфекциясы жағдайы тұрақты және республикада жұқтыру жағдайы тіркелген жоқ.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты