Астанада «жедел жәрдем» операторы телефон арқылы жүкті әйелді босандырып алды

elorda.info
Баланың салмағы - 3800 грамм, бойы - 51 см.

Астанада қалалық жедел медициналық жәрдем стансасы колл-орталығының диспетчері дәрігерлер келгенше жүкті әйелдің босануына көмектесті, деп хабарлайды Елорда Инфо.

«103 пультіне шақырту түсті, қоңырау шалған жүкті әйел екенін білген диспетчер дәрігерлер келгенше қалай тыныстап не істеу керектігін айтып отырды. Нәтижесінде жүкті әйел жедел жәрдем бригадасы келгенше босанды», - деді қалалық жедел жәрдем стансасында.

Медициналық мекемеде атап өткендей, баланың салмағы - 3800 грамм, бойы - 51 см. Ата-анасы тұңғыш баласына Ренат деген есім берген.

«Әйелдің жүктілік кезеңі еш қиындықсыз өтті және босануы да жеңіл болды. Жедел жәрдем бригадасы келісімен анасы мен баласына алғашқы медициналық көмекті көрсетіп, кейін оларды перзентханаға жеткізді», - деді мекемеде.

Сондай-ақ мекемеде бұл жағдай биылғы жылдың қаңтар айында болғанын атап өтті.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда әйел тоғызыншы қабаттан құлап көз жұмды

"Қайрат" пен "Ордабасы" 26 шілдеде Алматыда кездеседі

Тоқаев Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында не айтты

26 шілдедегі Алматы мен Астанадағы валюта айырбастау бағамдары

Көкшетауда автожуу орнында ток соғып, жас жігіт қаза тапты