Дональд Трамп пен Ким Чен Ын кеңейтілген құрамдағы келіссөздерді аяқтады

Кездесу бір жарым сағатқа созылды.

АҚШ президенті Дональд Трамп және КХДР басшысы Ким Чен Ын сейсенбі күні кеңейтілген құрамдағы келіссөздерді аяқтады. Кездесу Сингапурдағы Сентоса аралында Capella қонақүйінде өтті, деп хабарлайды Zakon.kz ТАСС-қа сілтеме жасап.

Кездесу бір жарым сағатқа созылды. Америкалық тараптан АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майкл Помпео, Ақ үйдің қызметкерлер аппаратының басшысы Джон Келли, Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі Вашингтон әкімшілігі басшысының көмекшісі Джон Болтон, Президенттің баспасөз хатшысы Сара Сандерс, Филиппиндегі Америка елшісі, бұрынғы КХДР арнайы өкілі Сон Ким және Азиядағы Ұлттық Қауіпсіздік Кеңесінің аға директоры Мэтт Поттинджер қатысты.

Солтүстік Корея Республикасы тарапынан кездесуге Жұмысшы партиясы Орталық комитеті Төрағасының орынбасары Ким Ён Чхоль, Корея Республикасы Жұмысшы партиясы Орталық комитеті төрағасының орынбасары Ли Су Ён, КХДР Сыртқы істер министрі Ли Ён Хо, Халық Қарулы Күштерінің министрі Но Гван Чхоль, Сыртқы істер министрінің орынбасары Цой Сон Хи, Ким Чен Ынның қарындасы - Ким Ё Чжон, ТПК Орталық Комитеті департаментінің директоры Хан Кван Сан қатысты.

Енді екі елдің басшылары екі жақтың өкілдерімен түскі асқа қатысады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: