Головкиннен қайтарып алған IBF белдігіне үміткерлер белгілі болды

Хабар 24
Бұл титулды отандасымыз Геннадий Головкиннен (38-0-1, 34 КО) алып қойған еді.

Халықаралық бокс федерациясы (IBF) дәл қазіргі сәтте бос тұрған орта салмақ дәрежесіндегі чемпиондық белдікке таласатын боксшыларды ресми түрде атады, деп хабарлайды Хабар 24.

Бұл атаққа аталған ұйымның рейтингісінде бірінші және үшінші орында тұрған украиналық Сергей Деревянченко (12-0, 10 КО) мен бұрынғы әлем чемпионы, америкалық боксшы Дэниэл Джейкобс (34-2, 29 KO) таласатын болады.

Естеріңізде болса, IBF бұл титулды отандасымыз Геннадий Головкиннен (38-0-1, 34 КО) алып қойған еді. Себебі GGG өзінің міндетті қарсыласы Сергей Деревянченкомен кездесуге келіспеген болатын.

Дүйсенбіде IBF штаб-пәтері қос боксшының промоутерлеріне хат жазып, жекпе-жек ұйымдастыруды талап етті. Енді Деревянченконың промоутерлері Лу Дибелле (DiBella Entertainment) мен америкалықтың промоутерлері Эдди Хирн (Matchroom Boxing) 11 шілдеге дейін келісімге келуі керек. Егер келісімге келе алмаса, ұйым қос тарапты табысты теңдей бөлуге міндеттейтін болады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді