Оралда екі адамды пышақтап кетті

ҚазАқпарат
Оқиға кеше таңертең «Құрылысшы» шағынауданында болды.

Оралда пышақ жарақатынан екі адам ауруханаға түсті. Олардың бірі жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға кеше таңертең «Құрылысшы» шағынауданында болды.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, жедел жәрдем сағат 09.12-де шақыртылған.

Оқиға салдарынан 1999 жылғы тұрғын кеуде тұсынан ашық пышақ жарақатын алған. Қалалық көпбейінді ауруханасына жеткізілген оған ота жасалды, қазір жансақтау бөлімінде. Сондай-ақ 1997 жылғы жігіт сол жақ жамбасынан пышақ жарақатын алған. Ол алғашқы медициналық көмектен кейін амбулаторлық емдеуге жіберілді.

Полицейлер оқиғаның жай-жапсарын анықтау үстінде.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда әйел тоғызыншы қабаттан құлап көз жұмды

"Қайрат" пен "Ордабасы" 26 шілдеде Алматыда кездеседі

Тоқаев Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында не айтты

26 шілдедегі Алматы мен Астанадағы валюта айырбастау бағамдары

Көкшетауда автожуу орнында ток соғып, жас жігіт қаза тапты