ҚР Энергетика министрінің баспасөз хатшысы тағайындалды

energo.gov.kz
Нұрлыбек Жеңісбек 1988 жылы туған.

Нұрлыбек Жеңісбек Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің баспасөз хатшысы - баспасөз қызметінің басшысы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Нұрлыбек Жеңісбек 1988 жылы туған. Абай атындағы Ұлттық педагогикалық университетті (филология бакалавры) аяқтаған, халықаралық қатынастар магистрі (Ресей Федерациясының Президенті жанындағы Ресей мемлекеттік қызмет академиясы).

Еңбек жолын 2006 жылы «Қазақстан» телеарнасында тілші болып бастаған. Әр жылдары облыстық және республикалық телеарналарда редактор, тележүргізуші қызметтерін атқарған. Сонымен қатар, 2013-2017 жылдары Шымкент қаласы және Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдерінің баспасөз хатшысы, кеңесшісі лауазымдарын атқарған. Сондай-ақ, ОҚО “Ақпараттық Талдау” орталығының директор орынбасары болып істеген.

2017 жылдың ақпанынан бастап, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің баспасөз хатшысы лауазымын атқарып келген.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты