Футболдан Мысыр құрамасының бас бапкері Эктор Купер Ресей құрамасымен өткен ойыннан кейін оның жұмысына көңілі толмайтындар болса қызметінен кетууге әзір екенін айтты, деп хабарлайды vesti.kz.
"Ең әуелі мен бұл қызметте қаламын ба, жоқ деген мәселе болып тұр. Мұны тек мен ғана шешпеймін. Бұл мәселеге жауап беретін адамдар да бар. Егер менің жұмысыма көңілі толмайтын адамдар болса, қызметімнен өз еркіммен кетемін. Бірақ бізде әлі бір кездесу бар. Дегенмен плей-офф кезеңіне шығу мүмкіндігі өте төмен. Қорғаныс туралы айтатын болсам, біз 10-12 минутта көп қате жібердік. Бірінші таймда біз қарсыластың барлық пастарын басқардық. Жақсы қорғандық", - деді Купер баспасөз жиыны кезінде.
Еске салайық, Мысыр құрамасы әлем біріншілігің топтық кезеңінде екі ойын өткізіп, екеуінде де жеңіліп қалды. Бірінші Уругвай құрамасынан 0:1 есебімен жеңілсе, кеше Ресей құрамасынан 1:3 есебімен ұтылды. Үшінші кездесуін Купер шәкірттері 25 маусым күні Волгоград қаласында Сауд Арабиясы құрамасына қарсы өткізеді.